Табиғаттың тыныштығын сақтау мен ұлттық парк аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік инспекторлардың басты міндеттерінің бірі.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Қарабұйрат орманшылығы аумағында табиғатты қорғау және бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Дүрбі арқылы кең алқапты шолу, таулы аймақтарды бақылау, жабайы жануарлардың қозғалысын қадағалау және қорғалатын аумақтың жай-күйін тексеру – күнделікті қызметтің маңызды бөлігі.
Әрбір патрульдік бақылау табиғи байлықтарды сақтауға, заңбұзушылықтардың алдын алуға және ұлттық парктің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Табиғаттың әрбір тынысы мен әрбір тіршілік иесі қорғауға лайық. Сондықтан оны сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Табиғатты қорғайық, келешекке аманаттайық!
Автор: Омаров Руслан
«Қарабұйрат» орманшылығының орман шебері.













