2026 жылғы 6 қараша күні Үржар ауданы, Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепте «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Суды үнемде – болашаққа сақта!» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Іс-шараға 5–6 сынып оқушыларынан 138 оқушы қатысты. Ашық сабақ барысында оқушыларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, су ресурстарын тиімді пайдалану, суды үнемдеу жолдары мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар оқушыларға табиғи байлықтарды қадірлеу, суды ысырап етпеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.

Осындай танымдық кездесулер жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға бағытталған.

Суды бүгін үнемдейік – ертеңгі ұрпақтың болашағын сақтайық! 

 

 
 

Авторлар:
Экскурсия жетекшісі – Баяхметов Д.
Экскурсия жетекшісі – Сапарғалиев Ж
Баспасөз хатшысы – Рамазанов Қ.

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95

▲