Үржар ауданында қысқы кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың салдарын жою және тиісті мекемелердің өзара іс-қимылын үйлестіру мақсатында «Қыс – 2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қыс мезгілінде қарлы боран, қатты аяз, көктайғақ және өзге де қолайсыз ауа райы жағдайларында жедел әрекет ету, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы дайындықты пысықтау.
Аталған оқу-жаттығуға төмендегі мекемелер мен ұйымдардың өкілдері қатысты:
1. «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
2. Үржар аудандық полиция бөлімі;
3. Электр желілері мекемесі;
4. Төтенше жағдайлар бөлімі;
5. ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ӨПТ;
6. Коммуналдық кәсіпорын мекемесі;
7. ФОЛ ТОО «Қазсервис» ДЭУ-24 мекемесі;
8. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы;
9. Үржар көпсалалы орталық ауруханасы (ШЖҚ КМК).
Оқу-жаттығу барысында мекемелер арасындағы өзара іс-қимыл, күштер мен құралдардың дайындығы, төтенше жағдай туындаған кездегі жедел әрекет ету және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері пысықталды.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері де қысқы кезеңдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы іс-шараларға қатысып, өздерінің дайындық деңгейін көрсетті.
Мұндай оқу-жаттығулар қысқы маусымда болуы мүмкін қауіп-қатерлерге дайындықты күшейтіп, мекемелер арасындағы үйлесімді жұмысты арттыруға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
❄️ Қауіпсіздік – ортақ міндет!
Автор: ✍🏻Баспасөз хатшысы Рамазанов Қуаныш













