«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Зайсан (зоологиялық) қаумалы аумағында жабайы жануарлардың санын анықтау және олардың табиғи ортадағы тіршілігін бақылау мақсатында санақ жұмыстары жүргізілуде.

   Іс-шара барысында мемлекеттік инспекторлар таулы аймақтар мен белгіленген бақылау бағыттарын аралап, жабайы жануарларды бақылау жұмыстарын жүзеге асыруда. Сонымен қатар заманауи технологиялардың бірі – ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) қолданылып, кең аумақты әуеден бақылауға мүмкіндік берілуде.

Санақ жұмыстарының негізгі мақсаты:

 Жабайы жануарлардың сандық көрсеткіштерін анықтау;
 Жануарлардың таралу аймағы мен мекен ету ортасын бақылау;
 Биоалуантүрліліктің сақталу жағдайын бағалау;
  Табиғатты қорғау шараларын тиімді ұйымдастыру.

  Жиналған мәліметтер жабайы жануарлар популяциясының жағдайын бағалауға және алдағы табиғат қорғау жұмыстарын ғылыми негізде жоспарлауға мүмкіндік береді.

  Табиғатты қорғау – тек бүгінгі күннің емес, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз!

Автор: Зайсан (зоологиялық) қаумалының орман шебері Өтешов Аманжол.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95

▲