Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет! 

Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үржар орманшылығы аумағында табиғатты қорғау талаптарын түсіндіру және тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Осы мақсатта Көкөзек ауылдық округінің аумағына ақпараттық аншлаг орнатылды. 

Орнатылған ақпараттық тақтайшада ұлттық парк аумағында сақталуы тиіс табиғатты қорғау ережелері, келушілерге қойылатын талаптар, тыйым салынған әрекеттер және табиғи байлықтарды сақтау жөніндегі маңызды мәліметтер қамтылған.

  Аталған жұмыстың негізгі мақсаты:

- Тұрғындар мен келушілерге табиғатты қорғау ережелерін түсіндіру;
- Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және арттыру;
- Табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға шақыру;
- Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау;
- Табиғи аумақтардың тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ақпараттық аншлагтар – табиғатты қорғау талаптарын халыққа жеткізудің тиімді құралдарының бірі. Әрбір азамат белгіленген ережелерді сақтап, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауы қажет.

   Табиғатты аялау – болашақты қорғау! Табиғи байлығымызды бірге сақтайық!

Авторлар: Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары:
Гергенрейдер К., Гергенрейдер Е., Увалиев А., Құрал А.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95

▲