«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында арнайы іс-шара өткізілді.
Іс-шара аясында директор орынбасарының міндетін атқарушы, заңгер – мемлекеттік инспектор Дүйсекенов Нұрлан Ақашұлы мемлекеттік инспекторлармен арнайы жиналыс өткізді.
Жиынның негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылау болды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, азаматтармен қарым-қатынас кезінде ашықтық пен әділдік қағидаттарын ұстану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар әрбір мемлекеттік инспектордың өз қызметіне деген жауапкершілігі, заңдылықты сақтау және қоғам алдындағы міндетін адал атқаруының маңыздылығы атап өтілді.
Нұрлан Ақашұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек бір мекеменің немесе белгілі бір органның ғана емес, барша азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді. Әрбір қызметкер заң аясында әрекет етіп, қандай жағдай болмасын әділдік пен адалдықты басты ұстаным етуі қажеттігін айтты.
Заңға құрмет – тәртіптің бастауы, ал адалдық – мемлекеттік қызметтің басты қағидаты!
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі алдағы уақытта да заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ашық әрі әділ қызмет ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Автор: Баспасөз хатшысы Рамазанов Қуаныш
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС!
- Толығырақ

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












