«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарларға қолайлы жағдай жасау мақсатында биотехникалық іс-шаралар жүргізілуде.
Аталған жұмыстар аясында Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары жабайы жануарларға азықтық тұз салуға арналған жаңа қоректендіргіш орнатып, бір тұз жалағыш (солонец) жасады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта нысанның жағдайын бақылап, мониторинг жүргізу мақсатында жаңа қоректендіргіш орнатылған жердің GPS-координаттары тіркелді. Жұмыстар 28-кварталдың 47-орамында жүргізілді.
Жүргізілген биотехникалық іс-шаралар жабайы жануарлардың табиғи тіршілік ортасында қолайлы жағдай қалыптастыруға, әсіресе қыс мезгілінде қажетті минералды тұздармен қосымша қамтамасыз етуге бағытталған.
Табиғатқа қамқорлық — жабайы жануарлардың амандығы мен биоалуантүрлілікті сақтаудың маңызды бөлігі!
Автор:
Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары:
Гергенрейдер Константин;
Гергенрейдер Екатерина;
Увалиев Айдос.













