Табиғи аумақтарды қорғау, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және табиғи байлықтарды сақтау мақсатында «Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығының мемлекеттік инспекторлары Мырзабеков Е., Ниязов Н. «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жедел тобымен бірлесіп рейдтік-патрульдік іс-шара өткізді.
 
   Рейдтік жұмыстар Еміл, Қатынсу өзендері мен Шаған тоғайының жағалау аумақтарын қамтыды. Іс-шара барысында табиғи аумақтардың қорғалу жағдайына бақылау жүргізіліп, табиғат қорғау заңнамасының сақталуы мен ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
 
  Мұндай бірлескен рейдтік іс-шаралар табиғат қорғау мекемелері арасындағы өзара байланысты нығайтып, қорғалатын табиғи аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.
 
    Табиғатты қорғау – ортақ міндет, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік!
 
Автор: Жедел топ жетекшісі, мемлекеттік инспектор Б. Касенбаев
 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95

▲