Аңшылық, аң аулау - ерте заманда атадан балаға үйретіліп қалатын дәстүрдің бірі еді. Сол кездегі күн көрістің бір түрі саналған. Аңшы азамат аң аулау арқылы өз ауылын,  дүйім ел жұртты асыраған.  Ал қазіргі таңда  аңшылық көп жағдайда жеке бастың нәпсіқұмарлығынан туындайтын, болмаса еріккеннің ермегі саналатын кәсіп түріне айналған. Қазір заңсыз аң аулауды мергендік емес, менмендік десе болғандай.

 Заңсыз аңшылық салдарынан жануарлардың көптеген түрлері жойылып кетті, кейбірі жойылу қаупінде тұр, өйткені браконьерлер пайда іздеп биологиялық түрлердің қорғаныш жағдайына немесе аңшылықтың тыйым салынған маусымына назар аудармайды. Браконьерлердің заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде биологиялық түрлердің алуан түрлілігі азайып қана қоймай, жер шарының көптеген аймақтарының экономикалық әл-ауқаты да зардап шегуде.

Тарбағатай тауының қойнауы аң-құс, емдік шөптесін өсімдіктерге өте бай. Солардың біразы "Қызыл кітапқа" енген және ерекше қорғауға алынғандар. Жануарларды  аулау бүгінде заңмен кудаланады. Құқық бұзушы азамат жасаған іс-әрекетіне қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері, мемлекеттік инспекторлар жануарлар дүниесін қорғау мақсатында, заңсыз аң аулаудың  алдын алу үшін  бақылауды күшейтуде. Осылайша, браконьердің жеке басын анықтау үшін  ерекше қорғалатын аумақта  фототұзақтар қойылып, тексерулер жүйелі түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, мемлекеттік инспекторлардан жасақталған жедел топ  жұмыс жасайды. Мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау барысында ішкі істер органдары қызметкерлері және басқада  табиғат қорғау ұйымдарының қызметкерлерімен бірлескен рейдттік іс-шаралар жүргізеді.

Заң талаптарын кейбір құқық бұзушылар білмегендіктен жасадым деп ақталады. Алайда, заңды  білмеген жауапкершіліктен босатылады деген сөз емес. Бірақ осы бағытта жүргізіліп жатқан басқа да жұмыстар аз емес. Үгіт-насихат және басқа да шаралар арқылы қоғамдық санаға әсер ету арқылы ғана экологиялық қылмыстың алдын алуға болады.

Орман шебері-мемлекеттік инспектор: Кендірқанов Бекжан Талғарұлы.

1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95