Елімізде ағашты заңсыз кескен адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұрын мұндай заңбұзушылылық үшін аз ғана айыппұл салынып келсе, қазір заң түбегейлі өзгерді. Ағаштарды заңсыз кесу себептерінің бірі – құқық бұзушыларға қойылатын жауапкершіліктің төмендігінен.

ҚР Қылмыстық Кодексiнің 340-бабында Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдаудың жазасы қарастырылған. 2-тармағында айтарлықтай залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау – 
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егер ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (бұдан әрі - ЕҚТА) жасалған іс-әрекет болса,    жоғарыда аталған жазаның мерзімдері мен мөлшері күшейтіледі. Яғни, айыппұл - үш мың айлық есептiк көрсеткiшке, қоғамдық жұмыстарға тарту - сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге, бас бостандығын шектеу мерзімі -  бес жылға ұзарады.

Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе бүлдіргені үшін 50 АЕК-ке дейін залал келтіргені үшін жаза 100 АЕК-ке, ал залал мөлшеріне байланысты 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл осындай әрекеттер жеке тұлғаларға – 150 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 450 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 600 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1500 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болып табылған ағаштар мен бұталар, көлік құралдары және бұзушының өзге де заттары тәркіленеді. Айта кетейік, 2024 жылы 1 АЕК мөлшері 3692 теңгені құрайды.

Ағаштарды кесуге рұқсат етілген және тіпті жоспарланған жағдайлар да бар. Алайда ол үшін арнайы рұқсат қажет. Кесуге жататын ағаштардың көлемін ұлттық паркіміздің Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімі анықтайды. Бұл ағаштар санатына өлі, әлсіреген және піскен екпелер немесе өрттен кейінгі ағаштар жатады. Олар орман ауруларын тудырып, сау ағаштарға қауіп төндіреді. Сондықтан оларды уақтылы алып тастап отыру керек.

Инженерлер өз деректерін Абай  облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына ұсынады. Осыдан кейін экологиялық сараптама жүргізіліп, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті осы ағаштарды кесуге рұқсат береді.

Мұндай фактілерді жою, ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу үшін жауапкершілікті күшейту және айыппұлдардың өсуі маңызды рөл атқарады. Алайда бұл жолда ең маңызды қадам – экомәдениетті қалыптастыру мен ерте жастан тәрбиелі білім беру. Экологиялық мәдениет төмен болғандықтан заңбұзушылар табиғатқа қасақана зиян келтіреді. Сонымен бірге ол тәрбие -  экологиялық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі. Ұлттық парк қызметкерлері халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында экологиялық іс-шаралар атқаруда.

«Тарбағатай» МҰТП мемлекеттік инспекторы Марат Қасенов.

1

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95