Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі. Еңбек күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2013 жылғы қарашада жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну, өнімді еңбекті ынталандыру мақсатында бекітілді.
Отандастарымызды Еңбек күні мерекесімен құттықтай отырып, еңбектеріне жеміс, толағай табыс тілейміз!
Аталмыш мерекені негізге ала отырып, оқырмандарымыздың назарына "Әлет" алма бағындағы бағбаншының бір күндігін ұсынбақпыз!
ЭАРТ бөлімі.