2024 жылдың 27-қыркүйегі күні "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ директоры А.Серкебаевтың бастамасымен ұлттық парк қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлар Үржар аудандық Уақыт тынысы газетінің өкілдерімен және еріктілермен бірлесіп "Birge - taza Qazaqstan!" экологиялық акциясын өткізді.
Халықты экологиялық сауаттандыру мақсатында ұлттық парк аумағындағы демалушыларға Уақыт тынысы газетінің редакторы З.Тұраповамен мен мемлекеттік инспекторлар ЕҚТА-да болу қағидаларын түсіндіріп, жадынама қағаздарын таратты.
Сондай-ақ, Үржар ауданы орталығында жұртшылыққа табиғат аясына демалуға шыққанда санитарлық тазалықты сақтау және өрт қаупін болдырмау жөніндегі үнпарақтар үлестірді.
Экологиялық акцияға 20 адам атсалысты. Таратылған үнпарақтар мен жадынамалар саны - 200 дана.