Ақпан айының 12-сі күні "Тарбағатай" МҰТП-нің "Мақаншы" орманшылығының орманшылық басшысы Асхат Зейнолда мен  орманшылық басшысының көмекшісі Ержан Шакировтың ұйымдастыруымен орман шебері Сәкен Қарымсақов пен оған қарасты мемлекеттік инспекторлар Мақаншы ауданының "Көктерек орта мектеп-бақшасы" КММ-сінің 7-10 сынып оқушыларына  "Аң аулауға тыйым салынады!" тақырыбында семинар сабақ өткізді. Семинарға жалпы саны - 69 оқушы қатысты.

         Семинар сабағымыздың мақсаты: тіршіліктің тұтқасы болған ұшқан құс пен жүгірген аңды келешек ұрпақ үшін сақтау және жас ұрпақтың бойында мейірімділік пен экологиялық тәрбиені қалыптастыру еді.

         «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы N382 қаулысымен құрылды. Ұлттық парктің аумағы 143550,5 га. құрайды.

         «Тарбағатай» ұлттық паркінің негізгі мақсаты - биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтап қалу, арнайы экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғат қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік табиғи резервтік қордың бірегей табиғи кешендерін және объектілерін пайдалану болып табылады.

         Ұлттық парк омыртқалы  жануарлар фаунасына өте бай.  Фаунаның 376 түрі кездеседі, оның ішінде балықтың 19 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 23 түрі, құстардың 272 түрі, сүтқоректілердің 60 түрі мемлекет қамқорлығына алынды.

         Мемлекет аумағында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың 40 түрі, яғни бауырымен жорғалаушы 1, құстардың 33 түрі және сүтқоректілердің 6 түрі парктің қорғауында.

         «Тарбағатай» МҰТП аумағында аңшылыққа тыйым салынғандықтан, аңшылық шаруашылығы субъектілері орналаспаған. Сол себепті, аң-құс атқан адамдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнің 337-бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.

         Семинар сабақты өткізуге және де балалардың ұлттық паркіміз туралы деректермен сусындауына  ықпал еткен "Көктерек орта мектеп-бақшасы" КММ-сінің директоры Барлыханова Найля Әмірхамзақызына "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің атынан алғыс білдіреміз!

1 11        

"Мақаншы" орманшылығының орманшылық басшысы:

Асхат Зейнолда.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95