Ұлттық парк аумағына демалуға келетін адамдар табиғатпен етене байланыста болып, таза ауамен тыныстап, флора мен фаунаның ерекше сұлулығына куә болады. Алайда, мұндай жерлерде өрт қауіпсіздігі шараларын ескермеу орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін.

         Орман және дала өрттері тек табиғатқа ғана емес, адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүлікке де қауіп төндіреді. Өрт салдарынан жылдар бойы қалыптасқан экожүйе жойылып, өсімдіктер мен жануарлар қырылады, ал кейбір түрлер мүлдем жоғалуы мүмкін. Оның үстіне, өрт сөндіру жұмыстары үлкен қаржы мен ресурсты талап етеді.

         Демалушылар нені білуі керек?

         1.      Ашық от жағуға тыйым

         Ұлттық парктер аумағында рұқсат етілмеген жерлерде от жағуға қатаң тыйым салынады. Бұл әсіресе жаз мезгілінде – шөп пен орман жапырағы құрғап, тез тұтанатын кезде – аса қауіпті.

         2.      Темекі мен сіріңке қалдықтары

Темекінің тұқылы немесе сіріңке қалдығы, егер толық сөндірілмесе, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан темекі шегуден бас тарту немесе арнайы орындарда ғана шегу қажет.

         3.      Автокөлік қауіпсіздігі

         Көліктің ыстық бөлшектері (мысалы, глушитель) құрғақ шөпке тигенде, өрт шығуы мүмкін. Сол себепті көлікті тек арнайы тұраққа қою керек.

         4.      Балаларға бақылау

         Балаларға от пен оның қауіптілігі туралы түсіндіру өте маңызды. Олар сіріңке немесе оттықпен ойнамауы керек.

         5.      Қалдықтар мен әйнек бөтелкелер

         Әйнек сынықтары линза рөлін атқарып, күн сәулесін шоғырландырып, шөпті тұтандыруы мүмкін. Сондықтан демалыстан кейін қоқысты жинап, өзімен бірге алып кету – әр азаматтың парызы.

Өрт шыққан жағдайда не істеу керек?

         •        Дереу ұлттық парктің 8 722 30 3 20 98 нөміріне немесе төтенше жағдайлар қызметіне (112 нөміріне) хабарлау;

         •        Өрт ошағынан барынша алыстап, қауіпсіз жерге көшу;

         •        Өз бетінше өртті сөндіруге тырыспау, тек қауіпсіз жағдайда ғана кішкене ошақты топырақпен көмуге әрекет жасау.

         Табиғатты қорғау – бәрімізге ортақ міндет. Ұлттық парк аумағында демалу – рухани байытатын, денсаулыққа пайдалы іс, бірақ ол белгілі бір жауапкершілікпен қатар жүруі керек. Әр азамат өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаса, табиғатымыз келесі ұрпаққа сол қалпында жетеді. Табиғатқа қамқор болайық!

1

"Бақты" орманшылығының орманшылық басшысының көмекшісі: Абзал Әукенов.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95