Заңсыз аң аулау –тыйым салынған аймақта жануарларды ату, ұстау әрекеті. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы әрі қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет.
Әрбір жануар табиғатта өз рөлін атқарады. Бір түрдің азаюы немесе жойылуы – басқа түрлерге де зиянын тигізеді. Мысалы, жыртқыш аңдар азайса, зиянкес кеміргіштер көбейіп, егін шаруашылығына зиян келтіруі мүмкін.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың борышы. "Тарбағатай "МҰТП аң аулауға түбегейлі рұқсат етілмейді. Заңсыз аң аулауға қатысқан азаматтар айыппұлмен қатар, бас бостандығынан да айырылуы мүмкін. Браконьерлікпен айналысқандарға қатаң жаза қолдану және рейдтерді жиі өткізу қажет.
Заңсыз аң аулау – болашағымызға балта шабу. Бұл – мектептен бастап жүргізілуі тиіс тәрбие. Табиғатты сақтау – тек биліктің емес, әр адамның міндеті. Егер біз бүгін жануарларды қорғамасақ, ертең оларды тек кітап беттерінен ғана көретін боламыз. Сондықтан, барша жұртты табиғатты аялап, заңсыз аң аулауға қарсы тұруға шақырамыз!
"Бақты" орманшылық басшысы: Фархат Хихматалимов.