📆 2025 жылдың 8 қазан күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен кеңсе қызметкерлері бірлесіп, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Ауыл тазалығы баршамызға ортақ!» атты сенбілік ұйымдастырды.
🗺️ Экологиялық іс-шараға барлығы 15 адам қатысты. Акция барысында әкімшілік аумаққа қарасты 0,5 гектар жер тазаланып, шамамен 0,2 тонна қоқыс жиналды. Жиналған қоқыс ұлттық паркке тиесілі арнайы техника көмегімен қоқыс полигонына шығарылды.
♻️ Мұндай игі бастама – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарау, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен жастардың экологиялық мәдениетін арттыру бағытында маңызды қадам. Қатысушылар тек сенбілікпен шектелмей, болашақта да осындай экологиялық шараларға белсене атсалысуға ниетті екенін жеткізді.
💚 «Таза табиғат — таза болашақ!» деген ұранмен өткен бұл шара — қоршаған ортаға деген ортақ жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған игі іс.
Экскурсия жетекшісі: Жансая Сакиева.
#табиғатқорғауқызметкерлері
#орманшаруашылығы
#табиғаттыаялайық
#тазақазақстан🇰🇿
#сенбілік













