Сіздерді ұлы мереке — Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – халқымыздың азаттығы мен елдігіміздің айшықты символы, мемлекетіміздің тәуелсіздік жолындағы маңызды белесі. Республика күні – егемен еліміздің тұтастығын, бірлігін және жарқын болашағын бейнелейтін қастерлі күн.
Бүгінгі бейбіт өмір мен өркендеудің негізі – ел бірлігі мен халықтың татулығы. Сол бірлігіміз мәңгі сақталып, Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағы әрдайым биікте желбірей берсін!
Елімізге – тыныштық пен тұрақтылық,
әрбір отбасына – амандық, шаттық және бақ-береке тілейміз!
Республика күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен: “Тарбағатай” МҰТП ұжымы.













