📌 2025 жылдың 2 қазанында «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбы бойынша «Тарбағатай» ұлттық парк аумағында дәріс сабағы ұйымдастырылып, «Жанай орта мектеп-бақша» КММ–нің 8-сынып оқушылары қатысты.
📍Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға биоалуантүрлілікті сақтау маңыздылығын түсіндіру, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
🔆 Сабақ ашық аспан астында, көркем табиғат аясында өтті. Дәріс сабақты Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері мен мен аумаққа жауапты мемлекеттік инспекторы бірлесе ұйымдастырды.
♻️Сабақтың кіріспе бөлімінде экожүйелер, биоалуантүрлілік ұғымы, және қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер туралы ақпарат берілді.
🗣️ Сонымен қатар, оқушыларға экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы қандай салдарға әкелетінін мысалдар арқылы түсіндірілді. Сабақтың ең қызықты бөлігі – табиғатта серуендеу және бақылау жұмыстары болды.
📸 Оқушылар топтасып парк аумағының табиғатын тамашалап, суретке түсірді, сипаттама жасады. Бұл балалардың табиғатты тереңірек тануына және зерттеу дағдыларын дамытуына ықпал етті.
Дәріс соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, биоалуантүрлілікті сақтау үшін әрбір адамның қандай үлес қоса алатыны жайлы ой бөлісті.
📈Мұғалімдер мен парк қызметкерлері балалардың белсенділігіне жоғары баға беріп, мұндай сабақтар экологиялық тәрбие беруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
🖊️ 📹 Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.













