🗓️ 2025 жылдың 1–3 қазаны аралығында “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Үржар, Қарабұйрат, Мақаншы және Бақты орманшылықтарының мемлекеттік инспекторларының ұйымдастыруымен “Жануарлардың күзгі көші-қоны” тақырыбында танымдық семинар-сабақтар өтті.
🏫 Семинар жұмысына Үржар және Мақаншы аудандарындағы 6 мектептің оқушылары тартылып, 4–9 сынып аралығындағы 111 бала қатысты.
📌 Іс-шараның басты мақсаты — оқушыларға табиғаттағы маусымдық өзгерістер мен жануарлардың көші-қоны үдерісі туралы ғылыми әрі түсінікті түрде ақпарат беру, олардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.
👨🏫 Сабақ барысында балаларға жануарлардың көші-қон кезінде қандай қиындықтарға тап болатыны, олардың мекен ету ортасын сақтау мен қорғаудың маңызы жайлы мол мәлімет берілді. Интерактивті форматта өткен дәріс барысында балалар өз сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
✅ Мұндай танымдық сабақтар — жас ұрпақтың бойында табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік сезімін оятудың маңызды құралы.
♻️ “Тарбағатай” МҰТП алдағы уақытта да осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп, экологиялық білім беруге үлес қоса бермек.
🖊️ Аңшылықтанушы: Берік Нұршайықов.













