«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үштөбе мастерлік учаскесінің мемлекеттік инспекторлары Қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.М. Бидахметовпен және Самар АПБ ҚҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты О.К. Токушевпен бірлескен рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында инспекторлар көршілес орналасқан шаруа қожалықтарын аралап, тұрғындарға және шаруашылық иелеріне өрт қауіпі жоғары кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, табиғатта ашық от жақпау, қоқысты өртеуге тыйым салу жөнінде түсіндірме және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, табиғи экожүйені қорғау мақсатында ұлттық парк аумағындағы бұлақ көздерін тастар мен қоқыстардан тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шаралар табиғи су көздерінің ашық қалпын сақтауға және жануарлар мен құстардың суаттарын қорғауға бағытталды.
🌿 Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау мәдениетін арттыру, орман және дала өрттерінің алдын алу, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

1 1 1 1

Орман шебері: А.С. Өтешов.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95