Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №27-03/291-НҚ бұйрығына сәйкес, мемлекеттік орман қоры аумағында 2025 жылдың өрт қаупі бар маусымы, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, ресми түрде аяқталды.
Биылғы жылы өрт қаупі кезеңі сәуір айының екінші жартысынан қараша айының басына дейін созылды. Осы уақыт аралығында парк аумағында табиғи және антропогендік сипаттағы өрттердің алдын алу және болдырмау бағытында кешенді іс-шаралар атқарылды.
Өрттің алдын алу мақсатында парк инспекторлары тұрақты түрде патрульдік жұмыстар жүргізіп, тұрғындар мен демалушылар арасында түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктермен, төтенше жағдайлар және өртке қарсы қызмет бөлімдерімен бірлесе отырып, өрт сөндіру оқу-жаттығулары өткізілді.
Алайда 2025 жылғы 28 шілде күні Қарабұйрат орманшылығының 16-орам, 12-телімінде өрт оқиғасы тіркелді. Өрт орманмен көмкерілмеген аумақта шығып, шамамен 1,5 гектар жерді шарпыды. Өрт туралы ақпарат түскен бойда парк инспекторлары мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары шұғыл түрде оқиға орнына жетіп, өрт дер кезінде сөндірілді. Оқиға салдарынан орман ағаштарына залал келтірілген жоқ.
Жалпы алғанда, өрт қаупі жоғары маусым барысында парк аумағында ірі орман өрттеріне жол берілген жоқ. Бұл — парк инспекторларының үйлесімді еңбегі мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі алдағы жылы да өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтіп, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

1

 
 
Орындаған: Үржар орманшылығының басшысы Шәріпқанов Қуандық Серікұлы.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95