“Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өрт қаупі бар маусымның аяқталуына орай жоспарлы консервация жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар табиғи аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, келесі маусымға дайындықты күшейтуге және орман алқаптарындағы өрттің алдын алу деңгейін арттыруға бағытталған.
🛂 Консервация барысында ұлттық парк қызметкерлері өртке қарсы құрал-жабдықтардың және байланыс жүйелерінің техникалық жағдайын тексерді. Сондай-ақ өрт сөндіру құралдары ретке келтіріліп, арнайы техника маусымаралық күтімнен өтті. Мұндай кешенді жұмыстар табиғи парктің экожүйесін қорғауға және келесі өрт маусымын қауіпсіз қабылдауға мүмкіндік береді.
📛 “Тарбағатай” МҰТП ұжымы алдағы кезеңде де орман алқаптарының сақталуы мен өрт қауіпсіздігі бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

🖊️ Өрт сөндіру стансасының басшысы: Е.Күлетбаев.