Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері, әріптестер!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Елдің басты байлығының бірі саналатын орман шаруашылығының экологиялық және экономикалық маңызы зор. Бұл мереке осы салада қажырлы еңбек етіп жүрген мамандардың адал еңбегіне деген құрметті қалыптастырады.

Сіздердің ел байлығын еселеуде атқарып отырған еңбектеріңіз, еліміздің дамуына қосып отырған үлестеріңіз –жас ұрпаққа үлгі.

"Тарбағатай"  мемлекеттік ұлттық табиғи паркі атынан Сіздерге, бүгінгі мерекеде өмірлеріңіз шуақты, денсаулықтарыңыз зор, табыстарыңыз мол болуын тілеймін!

Еліміздің орман қорын сақтап, жаңғыртуда табанды еңбек етіп келе жатқан еңбектеріңіз лайым құрметке лайық, себебі отанымыздың орман кешені - "экологиялық қауіпсіздіктің кепілі”.

Осынау мерекеде әр жанұяға бақыт, қуаныш, мерекелік көңіл күй тілеймін.

Ізгі тілекпен,

ұлттық парк директоры Тоқымтаев Әлібек Тоқтаубекұлы

14.04.23 27

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95