Елік (Capreolus pygargus) – бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Сібір елігі кездеседі. Дене тұрқы 120 – 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 – 100 см, салмағы 30 – 55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз – мамырда толық жетіліп, қараша – желтоқсанда түсетін 3 – 5 ашалы мүйізі (25 - 40 см) болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады, үш айдан кейін түгі біркелкі реңге ауысады. 

Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды. Шілде – тамыздан бастап 9 ай көтеріп 1 – 2, кейде 3 лақтан туады. Лақтарын туылғаннан кейін алғашқы 2-3 аптасында шөп арасына жасырып, аналығы өзі барып 20 ретке дейін емізеді. Еліктің сүті сиыр сүтінен 3 есе құнарлы болып келеді. Лақтарын 6 – 8 ай сүтімен қоректендіреді. Екі айдан кейін лақтары жасыл шөпті қорек ете бастайды.  Жеміс-жидек, мүк, қына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді. Ешкісі 11 – 12, текесі 16 жылдай тіршілік етеді.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағының барлық жерлерінде кездеседі. Ұлттық парктің аумағында елікті аулауға рұқсат берілмейді. Заңсыз ауланған жағдайда Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері 250 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері С.Т.Мәженова

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95