Тырнатәрізділер отрядына жататын  Ақбас тырнаны (Anthropoides virgo) ұлттық парктің далалы аймақтарынан кездестіруге болады. Басқа тырналар тұқымдасына қарағанда  ерекшелігі - тырналардың ішіндегі ең кішісі. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындары бар. Қанатын жайғандағы ұзындығы 1,6-1,8 м, салмағы 2-3кг. Басы, мойнының асты мен омырауы қара, ал басқа қауырсындарының түсі көкшіл сұр болады. Ұяларын жерді аздап шұңқырлап, оған құрғақ шөп төсеп салады. Мекиені мен қоразы 1-2 жұмыртқаны 28-30 күндей кезектесіп басады.
Ақбас тырна – жыл құсы. Қыркүйек - қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Өсімдік дәнімен, бүршігімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ақбас тырна Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Ғылыми қызметкер А.Д. Шәріпқанова,

📷 Р.Қабсаметов.

02.03.23 8 02.03.23 8

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95