Секіргіш кесіртке(Lacerta agilis) – ашық сұр, қоңыр немесе жасыл түсті болып келетін ірі кесіртке денесінің ұзындығы 120 мм құрайды. Күйлеу кезеңінде аталығының түсі қою жасыл түсті болады, күзде бұл түс көк жасылға айналады. Аналығы мен ұрпақтары сұр немесе қоңыр түсті болады. Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманды дала аймақтарында, өзендердің жағалауларындағы жайылымдарда, шалғындарда, егістік жерлерінде кездеседі. Суда жақсы жүзеді. Аналығы маусымда 3-15 жұмыртқа салады да,  шілде-тамыз айларында ұзындығы шамамен 30мм болатын кесірткелерді туады. Секіргіш кесірткелер табиғатта 5-6 жыл кейде 8 жыл өмір сүреді. Олар түрлі жәндіктермен  олардың дернәсілдерімен, өрмекшілермен қоректенеді. Кесірткенің негізгі жауы құстар мен кірпі, борсық, түлкі және қарсақ.

Ғылыми қызметкер Айгерім Шәріпқанова.
Фото авторы Елена Красон.

06.03.23 34 06.03.23 34 06.03.23 34

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95