Мемлекеттік инспектор - өзінің құзіретті мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен, оның күзет аймағының аумағында өзіне бекітіліп берілген айналыммен, мекемеге қарасты ерекше қорғалатын аумақта заң бұзушылықты болдырмау, табиғи ресурстарды, су, жер, орман, аң, құс, қоршаған ортаға зиян келтіретін заң бұзушылықтар мен әрекеттерден қорғау жұмыстарын жүргізетін тұлға.

Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 112 инспектор қызмет атқарса, олардың бәріне қойылатын талап бір және өздеріне бекітіліп берілген тапсырмалары бар. Жыл сайынғы әдет бойынша қыс мезігілінде рейдтік іс-сапарға шығып, заң бұзушылықтар орын алған жағдайда хаттама толтырумен қатар, бекітілген аумақтың ауа райы құбылыстарын тіркеу, соның ішінде түскен жауын-шашын мөлшері мен қар жамылығысының түсімі және биіктігін анықтау (арнайы орнатылған өлшегіш сызғыштың көмегімен), бұлттылық пен желдің бағыты мен жылдамдығын, ауа температуарасының өзгеруі сынды ақпаратты жинау және мемлекеттік инспекторлардың күнделігін толтыру сияқты жұмыстар жүргізеді. Сондай ақ, айналымдағы өзендерідің су деңгейін өлшеу,  мұздың қатуы мен еру уақытын бақылау, өзендерде балықтар үшін арнайы аэрация жұмыстарын жүргізу.

Қалың қар жаууы тебіндеп жайылатын жануарлардың жайылуына кедергі келген жағдайда жануарлдарға арнап арнайы биотехникалық іс-шаралар жүргізу соның ішінде жануарларға шөп, тұз  дайындап арнайы жануарлар жиі  кездесетін орындарға апару, сонымен қатар аңшы биологтармен бірлесіп санақ жұмыстарын жүргізу де  мемлекеттік инспекторлардың қыс мезгілінде атқаратын жұмысы.

Сондай-ақ, халықпен жұмыс жасау, соның ішінде ұлттық парк аумағында тәртіптік материалдық, қылмыстық әрекеттердің орын алмауы, бірегей табиғи және мәдени- тарихи  кешендер мен объектілерді сақтау, зерттеу жұмытарын жүргізуге болатындығы туралы ақпаратпен халықты қамтамасыз етіп, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау да мемлекеттік инспекторлардың құзырындағы қызмет. Әр бір инспекторға бекітіліп берілген айналымда орналасқан жеке шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болу, түсіндерме жұмыстарын жүргізу, табиғи апатты жағдайлар орын алған жағдайда көмек көрсету жұмыстарын да жүргізе алады.

Орманшылық басшысы Қуандық Шәріпқанов.

07.03.23 1 07.03.23 1 07.03.23 1 07.03.23 1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95