Маңырақ – Сауыр мен Тарбағатай тауларының, Зайсан қазаншұңқырымен Шілікті жазығының арасындағы тау. Бұл таудың табиғатының ерекшелігі көршілес аймақтардың табиғатының буданы іспетті. Біз «табиғаты» деп жануарлар әлемі, өсімдіктерін жалпы мағынада алып отырмыз.Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 65-70 км-ге созылып жатыр, енді жері 15-25 км. Биік жері Шөрбас тауы - 2035 м.
Тау неліктен «Маңырақ» деп аталады?
Ертеде жоңғарлардан қашқан қазақ ауылы тау ішінде жасырынуды ұйғарыпты. Алайда биік те тік шатқалға шығу өте қиынға соғады. Әсіресе, бір қой отарға ілесе алмай, қайта-қайта сүрініп, артта қала беріпті. Уақыт тығыз болғандықтан, ақсақ қойды жұртқа тастап кете берген.
Тау етегіне жеткен жау ары-бері шапқылап, көздеріне ештеңе ілінбеген соң кетуге бет бұрады. Сол сәтте қойдың маңырыған дауысын естіп тоқтайды. Олар жұртта қалған қойды тауып алып, сол жерден жақын арада жүріп өткен көш ізімен ауылды тауып алып, тірі жан қалдырмай қырып кеткен. Содан бері тау «Маңырақ» деп аталған екен.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95