Қазақстанда «Парктер шеруі» Халықаралық табиғат қорғау акциясы басталды, ол 1996 жылдан бастап наурыз-маусым айларында дәстүрлі түрде өтеді.
Аталмыш акция Үржар ауданында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет 2019 жылдан бастау алып, биыл қатарынан 5-ші жыл өткізілмек.

«Парктер шеруі – 2023» - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (ЕҚТА) қолдау көрсету акциясы «Табиғат – біздің анамыз, Біз табиғатқа панамыз!» атты ұранмен өтетін болады.
Акцияның мақсаты-биліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнестің және бүкіл қоғамның назарын ЕҚТА проблемаларына аудару, оларға нақты практикалық көмек көрсету, отандастарымыздың санасында біздің табиғи және мәдени игілігіміз үшін мақтаныш сезімін ояту.
Акция негізінен оқушылар мен студенттерге, жастар арасында қорықтар мен ұлттық парктерді қорғауға, ерте жастан бастап экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Осы акцияның ашылуы 2023 жылы 28 наурызда сағат 10.00-де Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан көшесіндегі Тәуелсіздік алаңында салтанатты концерт түрінде өтеді.

Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары: "Тарбағатай "мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ.

    Сіз қосымша ақпарат алу үшін хабарласа аласыз:
"Тарбағатай" МҰТП " РММ 8722 30  3-20-98

Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі.

17.03.23 14

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95