Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемнің 180-нен астам елінде «Жер сағаты» ең ауқымды экологиялық акциясы өткізіліп келеді.
Ал біздің еліміз аталмыш акцияны биыл 14-ші рет өткізгелі отыр. Дәстүр бойынша әртүрлі экологиялық тақырыптарға назар аудару үшін наурыз айының соңғы сенбісінде бүкіл әлем 20:30-дан 21:30-ға дейін бір сағатқа электр қуатын өшіреді. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен 25 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін (Астана қ.) «Жер сағаты» акциясы өтеді.

Соңғы жылдары Қазақстанда акция экологиялық белсенділікке, сирек кездесетін жануарлар түрлерін қорғауға және экотуризмге көңіл бөлді. 2023 жылы республикада «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтаудың маңыздылығына арналғандықтан, акцияға «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі де қолдау көрсетпек.
Қазақстанда «Жер сағаты» WWF Орталық Азия бағдарламасы, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, «Жасыл экономика және даму үшін G-Global коалициясы» және «Жер сағаты» тұрақты даму қорымен ұйымдастырылады.

24.03.23 2

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95