«Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының бекітілген жоспарына сәйкес ашылу салтанаты барысында «Ең үздік лозунг» байқауы болып өтті.
Алдымен Үржар ауылының мектеп оқушыларынан «Жас орманшылар» одағына кіруге ант қабылданып, «Дары природы» ШҚ демеушілігімен біріңғай киім үлестірілді.
Ал «Ең үздік лозунг» байқауына Үржар ауданы бойынша мектеп оқушылары команда болып, ерікті түрде сайысқа түсті.
Ең үздік команда атауы, ең үздік ұран, ең үздік лозунг, ең әдемі киім үлгісі бойынша жүлделі орындар әділ қазы алқаларымен анықталып, жеңімпаздар алғыс қағазымен және сыйлықтармен марапатталды.
Бас жүлде «Жасыл ел» командасына берілді. 1-орынды Б.Момышұлы атындағы ОМ, 2-орынды Абай ОМ, 3-орынды Көктерек ОМ иеленді. Б.Тұрлыханов орта мектебіне «Ең мағыналы лозунг» номинациясы беріліп, Абылайхан ОМ белсене атсалысқаны үшін марапатталды.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95