«Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясындағы «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы жалғасуда. Акция шеңберінде «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының Самар орман үлескісінің мемлекеттік инспекторлары әлеуметтік жағдайлары төмен отбасынан шыққан екі оқушыға демеушілік көрсетіп спорттық аяқ киімдер сыйласа, Үштөбе орман үлескісінің мемлекеттік инспекторлары да әжесінің қарауында қалған көпбалалы отбасына демеушілік көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Өткен жаңалықтар бөлімінде «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары да әлеуметтік жағдайлары төмен отбасынан шыққан екі оқушыға киім-кекшек әперіп, демеушілік көрсеткендері туралы айта кеткен болатынбыз!
Жер бетінде бір бала қуанса, көкте жүз періште қуанатынын естен шығармай, «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында осындай қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыру ұлттық паркіміз үшін сауапты іс. Аталмыш қайырымдылық шарасына атсалысқан жоғарыдағы мемлекеттік инспекторларға, сондай-ақ Үржар ауылында «Жас орманшылар» одағын біріңғай киім үлгісімен қамтамасыз еткен «Дары природы» шаруа қожалығының иесі Рыбалкин Русланға және «Үздік лозунгтар» байқауының жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттауға демеушілік көрсеткен мемлекеттік инспекторлар Еділ Жүнісов пен Дулат Шәмшиевке және Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің қызметкерлеріне және де қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, бас жүлде иеленген командаға «Әлет» туристік маршрутына саяхаттауға сертификат сыйлаған Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!
Баспасөз хатшысы Әсем Көбенова.

05.04.23 1 05.04.23 1 05.04.23 1 05.04.23 1 05.04.23 1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95