Аққулар аса киелі, ерекше сезгіш әрі сақ құс. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізіп, жақсы жүзіп, бірақ сүңги алмайтын, құрлыққа сирек шығатын құс.  Қазақстанда аққудың 6-7 түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар  деген екі түрі мекендейді. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.

Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы ұясына 3–7-ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 29–40 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.

Аққу 3-4 жасқа дейін ақ емес, сұр боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңның түсіндей сұрғылттанып тұрады да 3-4 түлеп барып, кәдімгі аққуға айналады.

Аққулардың ішінде сұңқылдақ аққу ең көп тараған және Қызыл кітапқа енген  түр. Сұңқылдақ аққу ( Cygnus cygnus) Қазір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді.

Аталмыш құсқа төніп тұрған қауіп те  аз емес. Егер де аққуларды заңсыз аулаған жағдайда 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 1 380000 тенге айыппұл салынады.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері Шәріпқанова А.Д.

25.04.23 1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95