Елбасымыздың «Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығы жарияланып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілгені мәлім. Соған сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Әдеп кодексі мен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілгені белгілі.

Қабылданған Кодекстің мағынасы өте маңызды, өйткені мемлекеттік мекемеде қызмет атқару, қызметкер үшін қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру деген сөз.

Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемемізде қызмет істеп отырған кез-келген мемлекеттік инспектор өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асырып отырған кәсіби қызметіне жұмсауы керек. Өзінің Отаны, туған жеріне, яғни – Қазақстан Республикасына қалтқысыз, әрі адал қызмет ету «Тарбағатай» МҰТП» РММ-сінің әр қызметкеріне қойылатын талап.

2023 жыл басталғалы бері «Тарбағатай» ұлттық паркінің орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторларына жоспарлы түрде Әдеп кодексінің әдеп нормаларын сақтау туралы дәріс-сабақ лекциясы жүргізіліп келеді. Жиналыс барысында оларға адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, мемлекеттік мекемеде қызмет істеп отырғандықтан заңнамадағы тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге тиіс екендіктері түсіндіріліп, сонымен қоса Әдеп Кодексіне сай қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары, көпшілікпен яғни, халықпен қарым-қатынастағы байланыстағы мінез-құлық стандарттары туралы түсіндіріп, бейәдеп мінез-құлық фактілерінен кез-келген ортада бойларын аулақ ұстау керек екендіктері айтылды.

Бүгінгі күні заманымызда шешiмi күрделi тағы бір мәселе бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе, қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас-жемқорлық!

Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе бүгінгі күні әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Сондықтан, кез-келген өркениетті қоғам мен мемлекеттік мекеме үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі.

Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген мұралы сөздерді арттарында қалдырғандары мәлім. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін, ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз өткен тарихтан жақсы білеміз.

Осы күнге дейінгі тарихта өмір көрсеткен: қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, жалған жауап беру немесе жауап беруден жалтару, жалған ақпарат беру немесе сатып алу, қылмыс қатарларының барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жүзеге асатыны белгілі.

Бәріне белгілі осы жәйттарға байланысты біздің мекемемізде де сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін, мемлекеттік инспекторлардың құқықтық сауаттылығын арттырып, сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу керектігінің маңызы зор екендігі айтылып, мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшін біріктіріп, бұл құбылыстың түп тамырын жою керектігі жеткізілді.

Өткенімізге көз салып, ел басымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің, мекемеміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар іске асып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындайтынына сеніммен қарап, бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылып, қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды алға қойған міндет етіп, сыбайлас жемқорлықпен күресу «Тарбағатай» МҰТП РММ-нің азаматтық борышы деп білеміз!

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Әдеп жөніндегі уәкілі, заңгер Нұрлан Дүйсекенов.

02.05.23 1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95