16-мамыр күні ұлттық парк кеңсесінде директордың м.а. Қ.Сәрсембаевтың қатысуымен орман шеберлеріне жиналыс өтті.

Жиналыста ұлттық парктің заңгері Н.Дүйсекенов Әдеп кодексі туралы, соның ішінде тәртіп, өзін-өзі дұрыс ұстау, мүлікке ұқыпты қарау, жұмыс уақытының тәртібін сақтау туралы айтып өтті.

ҒАЭМ бөлімінің аға ғылыми қызметкері Б.Садақова мемлекеттік инспекторлардың күнделіктеріне өзгертулер енетіндігін, күзге дейін Үржар өзені аумағына фенологиялық алаң орналастыру керектігін, ұлттық парк аумағында құлаған ағаштар болса, фотоға түсіріп, ҒАЭМ бөліміне жолдау керектігі жөнінде ескертті.

ЭАРТ бөлімі басшысының м.а. Д.Керімтаева мастерлік учаскелерде тазалықты қадағалап, сенбіліктер ұйымдастыру керектігін және демалыс орындарына қолдан келгенше абаттандыру жұмыстарын жүргізулері керектігін айтты.

ТКОҚ бөлімінің орман қорғау инженері М.Малгельдинов пен орманшылық басшысы Қ.Шәріпқанов үнемі территорияда болуларын, өртті болдырмауларын, инженерлік тексеріс жүріп отыратындығын, апталық және айлық есептерінің толық болуын ескертті.

Баспасөз хатшысы Әсем Көбенова.

22.05.23 1 22.05.23 1 22.05.23 1 22.05.23 1 22.05.23 1 22.05.23 1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95