Мамыр айының 23-і күні Туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар ауданымыздың Бестерек ауылының М.Хасенов атындағы орта мектебінде «Парктер шеруі-2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының аясында іс шара өткізді. «Алакөл» табиғи қорығының Экологиялық ағарту және Ғылым бөлімдерінің қызметкерлері  құрметті қонағы болды!

Іс шара барысында  мектеп директоры, туризм бөлімінің басшысы, және Алакөл қорығының қызметкерлеріне алғы сөз берілді.

Оқушылар өз тараптарынан концерттік бағдарламалар қойып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Туризм бөлімінің экологиялық ағарту инженері А.Кобенова «Ұлттық парктің көрікті жерлері» тақырыбында 3D картамен лекция оқыды.

Қатысушылардың тарапынан сұрақтар қойылып, кері жауап берілді.

Іс шара «КӨРМЕМЕН» жалғасын тапты. Көрмеге ауданымыздың түкпір-түкпірінен 20 мектеп келіп қатысып, қалдықтардан жасаған бұйымдарын назарымызға ұсынды.

«Парктер шеруі- 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының белсене қатысушылары мен жеңімпаздарына алғыс  білдірілді.

Бұл іс шараның мақсаты жыл сайынғы Парктер шеруінің бір акциясын мектептерде өткізуді дәстүрге айналдыру.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95