29 мамыр күні ұлттық парктің мемлекеттік инспекторларына, орман шеберлеріне, инженерлерлері мен мамандарына үлкен жиалыс өтті.

Ұлттық парк директорының м.а. Қ.Сарсембаев мемлекеттік инспекторлар мен орман шеберлерінің жұмыс уақытында жеке шаруаларымен айналысып жүрмеулерін, ұлттық парк қызметкерлеріне берілген форманың тозуы себепті келер жылы жаңа форма берілетіндігі, мемлекеттік инспекторлар жоғалған, бүлінген бұйымдары болса, уақтылы хабарлауды ескертті.

ЭАРТ бөлімі басшысының м.а. Д.Керімтаева «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы барысында өткен іс-шаралары мен  жабылу салтанатына дайындық барысы туралы айтып, артынша теориялық білім деңгейін арттыру, практикалық дағдылар мен дағдыларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, мүдделер қақтығысын реттеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбы бойынша мемлекеттік инспекторларға семинар өтті.

ҒАЭМ бөлімінің  аға ғылыми қызметкері Б.Садақова айлық есептер сарапталғанын, осы уақытқа дейін 1640 өсімдіктің 240 түрі, құстардың 272 түрінің 182 түрі  анықталғанын айтып өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік инспекторлардың күнделіктерінде қателіктер көптігін, судың тасыған уақыты белгіленбегенін, күнделікті шынайы түрде толтыру керектігін, ол ақпараттардың камераалды өңделіп, жазылатынын, биылғы 5-ші жылда табиғат жылнамасының 1-томы шығатынын айтып өтті.

Заңгер Н.Дүйсекенов күнделікті дұрыс толтырмаған инспекторларға қызметтік жазба жазу керектігін ескертті.

ТКОӨТП бөлімінің орман потологы Н.Тұяқбаев биыл долана көбелегі үлкен мәселе болып тұрғанын, итмұрын, мойыл, алма жапырақтарында көп кездесетінін, мемлекеттік инспекторлар личинкаларын көрсе, дабыл парағын толтырулары керектігін, егер ЕҚТА-да кездессе, дабыл парағына ЕҚТА деп көрсету керектігін, қазіргі таңда 4 мастерлік айналымда толтырылғанын айтты.

Орман қорғау инженері М.Малгельдинов тарапынан өрт қауіпсіздігі бойынша жұмыстар жаман еместігі, ауа райы қолайлы, жұмысты осы қарқында жалғастыра берулері тапсырылды.

Заңгер Н.Дүйсекенов Комитеттің тапсырмасы бойынша осындай жиналыстар ай сайын видеокамерамен өтетінін, инспекторлар өздерінің функционалдық міндеттерін жақсы білуі керектігін, өрт қаупі маусымы аяқталғаннан кейін мемлекеттік инспекторлар аттестациялаудан өтетіндігін ескертті. Сонымен қатар, азаматтық қызметкерлердің әдеп қағидаларын айтып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілген және Әдеп кодексі бұзылған жағдайда әрбір мемлекеттік инспектор өз істеріне жауап берулері үшін  2023 жылға арналған тізімдегі өз аты-жөндерінің тұсына қол қойдырды.

30.05.23 1 30.05.23 1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95