Әлемде көңілі тап-таза ақ парақтай бір халық бар. Олар тек шын қуанып, шын жылай алады. Олардың өтірік айтқанының өзін өздерінің көздері айтып тұрады. Олар, тіпті, жамандық дегеннің не екенін білмек түгілі сезбейді де. Олар, тіпті, адамды жақсы-жаман деп бөліп, сырттан әңгіме айту, кек сақтау, сәті келгенде аяқтан шалып қалу дегенді де, сөзбен жан жаралау дегенді де білмейді. Не айтса да таза көңілден шығарады. Берген сыйлыққа шын қуана алатын да осылар. Бұл халық - әлемдегі ең бақытты бала деген атқа ие жандар.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында  Үржар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының «Балапан» тобының тәрбиеленушілеріне тәттілер сыйлады.

Олардың кіршіксіз жүрегінен шыққан тілегі мен көзінен ұшқын атқан рақметінің шынайылығы сонша, жүрегіңмен сезінесің. Қандай жандарға сыйлық сыйлаған дұрыс дегенде көптеген эксперттер «балаға, мұқтаж жандарға» деп жауап береді. Өйткені, олардың шынайы ықыласынан шыққан әрбір тілек қабыл болады.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95