Бүгінгі күні «Тарбағатай» МҰТП флорасында 1640-қа жуық жоғарғы сатылы өсімдік түрлері бар. Талқыланатын аумақтың өсімдіктері 80 тұқымдасқа және 504 туысқа, оның ішінде  шаңжапырақтәріздес 14 түрі (0,9%), қырықбуынтәріздес (0,2%) 4 түрі, жалаңаштұқымдылардың 6 түрі (0,4%), даражарнақтылардың 334 түрі (20,5%) және қосжарнақтылардың 1269 түрі (78%) бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің тізбесіне «Тарбағатай» МҰТП флорасының 35 түрі еңген. Бұл өсімдіктердің сиреп кету себептері: орман өрттері, дәрілік өсімдітерді көп мөлшерде жинау, мал жаю және шөп шабу. Осы тізімде барлығымыз білетін таушымылдығы да бар.

Таушымылдық Paeonіa – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Тарбағатай тауының төменгі бөктерінде кең таралған. Биіктігі 40 – 80 см. Тамыры бұтақты әрі жуан, қоңыр түсті, салмағы 5 – 6 кг болады. Бұтақсыз сабағы бірнешеу, олар тік өседі. Ірі гүлі бір-бірден сабағының ұшында жетіледі. Үш-үштен шығатын саусақ салалы жапырақтарының шеті тілімделген, сабаққа кезектесіп орналасады. Хош иісті гүлдері қошқыл, қызыл не қызғылт, қос жынысты, аталығы көп, аналығының саны 1 – 8. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс піседі. Жемісі – жапырақша, тұқымының сырты жылтыр, қара түсті.

Таушымылдықтың тамырында эфир майы, салицин глюкозиді, крахмалтанин және аздаған алколоидтар болады. Халық медицинасында Таушымылдықтың тамырын емдік мақсатта күзде жинайды. Таушымылдықтың тұнбасы тәбет ашады, асқазан сөлінің қышқылын арттырады, астың қорытылуын жақсартады, жүйкені тыныштандырады. 

 Көктемде көздің жауын алатын, сұлу өсімдіктер қазіргі кезде сиреп, жойылу үстінде, себебі көктемде халық жаппай гүлдерін жинау арқылы, жеміс бітуіне кедергі келтіреді. Тамырсабақтары қартайып, өсімдіктердің көбеюі және таралуы азаяды. Таушымылдық өсімдігін  сақтап қалу, сізбен біздің міндетіміз! Өсімдік гүлдеген кезде гүлдерін жұлып, жинамауды сұраймын!

Айгерім Шәріпқанова «Тарбағатай» МҰТП-нің

ғылыми қызметкері.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95