Қарабас шақшақ - жағал шақшақтан айырмашылығы реңі көрікті құс.

Аталығының жоны және тамағы - қара: денесінің төменгі жағы - ақшыл, жемсаудың екі жағы - ашық қызғылтсары, бауыры - ақшыл сары. Қанатында айқын ақ көзтартары болады. Аналығында қара түс жоқ және жағал шақшақты көбірек еске түсіреді. Дауысы жағал шақшаққа ұқсас, әуенінде бөтен дыбыстар көп. Көрікті аталықтар бұталардың ұшар басында немесе ірі шөптерде сайрап отырғанда жиі көзге түседі. Ұясын салбыраған шөптердің астындағы шұңқыр жерге жасырып салады. Ұяны аналығы салады, аталығы бұл кезде құсойнақ жасайды. Салындыдағы 4-6 көмескі бозғылт реңкті көгілдірлеу жұмыртқаларды аналығы 11 — 14 күн басады. Балапандарды ата-енелері екі аптаға жуық ұяда, тағы сонша уақыт балапандар ұядан үшқан соң қоректендіреді. Бұған қоса аталық ұшып жүрген ұялас балапандарды көбірек тамақтандырады, ал аналықтар екінші рет жұмыртқа туып, екінші рет салындыдағы жұмыртқаларды басады.

Фото авторы «Тарбағатай» МҰТП аңшы-биологы.

19.07.23 4 19.07.23 4 19.07.23 4

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95