Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен Қазақстанның ірі парктерінің бірі Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінде "Орман жолдары" жаңартылған туристік бағыты ашылды.

Ашылу салтанатына «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі басшысының м.а. Д.Керимтаева мен экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова қатысты.

Ұзындығы 20 шақырымнан асатын бұл маршрут Катонқарағайдың таңғажайып пейзаждары мен ерекше табиғатын тамашалай отырып, жаяу немесе атпен жүруге мүмкіндік береді.

Табиғи аумақтардағы туристік маршруттар мен соқпақтарды абаттандыру табиғаттағы саяхат әуесқойлары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар туристік аумақтарға рекреациялық жүктемені біркелкі бөлуге ықпал етеді. 

Автор: ЭАРТ бөлімі басшысының м.а. Керимтаева Диана.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95