Астралылар тұқымдасына жататын екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.

Омарташылар өсімдікті құнды заттары бар құнды бал зауыты ретінде бағалайды, сонымен қатар ол емдік қасиеттерімен танымал.

Олардың биіктігі 10 — 150 см.

Сабағы тік өседі, жапырақ тақтасының жиектері терең ойықталған, тікенекті, астыңғы жағы жұмсақ, қалың түкті, кей түрі безді түкті келеді. Лақсаның басқа туыстан ерекшелігі — себеті бір ғана гүлден тұрады. Олардың бірнешеуі топтанып сабағы мен бұтақтарының ұшында шоғырбас гүлшоғырын құрайды. Себетінің сыртын 3 — 5 қатардан құралған тікенекті, жарғақты орама жапырақтар қоршайды.

Гүлі қос жынысты, түбі түтікше тәрізді біріккен ақ немесе көгілдір түсті, 5 күлтесі, жіпшелері түтікшеге біріккен 5 аталық, аузы қос тілімді аналығы болады. Тостағанша жапырақшасы түрін өзгертіп үлпекке айналған. Ол айдарша жемісінің ұшында сақталған, желмен ұшып кеңірек таралуына жағдай туғызды. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс береді.

Жемісі — қақырамайтын қырлы, түкті, айдаршалы тұқымша. Әр тұқымшаның (жемісі) ішінде жалғыз тұқымы болады.

Лақса — улы өсімдік, мал жемейді. Тұқымында 28%-дай тез кебетін май болады, ол техникада қолданылады. 

«Тарбағатай МҰТП аңшы-биологы.

04.08.23 2 04.08.23 2 04.08.23 2 04.08.23 2

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95