Қылқұйрықты бұлдырық (Syrrhaptes paradoxus) –  бұлдырықтар тұқымдасының қылқұйрықты бұлдырықтар туысына жататын дала құсы. Қылқұйрықты бұлдырықтардың мөлшері қарапайым көгершінге ұқсас. Бірақ бұл құс төзімді және жылдам.Оның  мекиені мен қоразы сыртқы түрімен де, өлшемімен де ерекшеленеді. Ересек мекиенін  алсақ, онда оның салмағы 250-ден 370 грамға дейін болады. Оның қанатының ұзындығы шамамен 27см, ал қанаттарын жайғандағы ұзындығы 70см-ге жетеді. Өлшемі басынан құйрығының ұшына дейін 45см құрайды.

Ол жазық немесе таулы шөлдерде су көздерінен  өте алыс емес жерде тіршілік етеді. Ақпан айының аяғында - наурызда, кейде сәуірдің басында ұшып келеді. Ұяларын кейде тақыр жерге ешбір төсенішсіз кейде  шөптің астына салады. Ұядағы 2-3 жұмыртқаларын  наурыздың аяғынан шілденің ортасына дейін басып шығарады. Бір маусымда екі рет балапан  басып шығаруы мүмкін. Күзгі көші-қон қыркүйек және қазан айының басында жүреді. Қылқұйрықты бұлдырық -Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енгізіліп, қорғауға алынған.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг  бөлімі.

Фото авторы: Шәріпқанова А.Д.

08.08.23 1 08.08.23 1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95