Бұл фотосуреттегі  кәдімгі боз жылан  қазан айының 3-ші күні Тарбағатай МҰТП  РММ-не карасты Келдімурат учаскесінде түсірілді.

Кәдімгі боз жылан (Gloydius halys) -улы жыландардың ішінде ең көп тараған түрі. Денесінің  ұзындығы - 690 мм, құйрығының ұзындығы - 110 мм-ге жетеді.  Боз жыландардың  біркелкі қоңыр-қызыл  немесе қара түстері кездеседі. Оларды әр түрлі биотоптарда кездестіруге болады: жазықтар мен таулы далаларда, жартылай шөлдерде, таулы ормандарда, өзен-көлдердің жағаларында, тауларда теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріле алады. Көктем мен күзде күндіз белсенді болса, жазда түнгі өмір салтын ұстанады. Қысқы ұйқыдан наурыз айының басы мен мамыр айының соңында оянады.  Сәуір-мамыр айларында, қыстап шыққаннан кейін 1-2 аптадан соң шағылысу уақыты басталады.  Тамыз айында денесінің ұзындығы - 160-190 мм, салмағы 5-6 г болатын, 3-14 жыландарды дүниеге әкеледі.  Қазан айының алғашқы жартысында қысқы ұйқыға кетеді.

Фотоға түсірген: Орман шебері Е.Шакиров

Мақала авторы: Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг  бөлімі.

05 2

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95