Бүгін аталмыш мерекеге орай Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері демеушілік танытып, «Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар адамдарды үйден әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің тәрбиеленушілерін әлеуметтік қызметкерлердің жауапкершілігімен «Әлет» туристік маршрутына серуенге шығарды.

Сондай-ақ, саяхат барысында тәрбиеленушілер мен әлеуметтік қызметкерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуге ЭАРТ бөлімімен қатар аталмыш айналымның орман шебері Е.Жүнісов пен мемлекеттік инспекторлары Қ.Құсайынов, М.Қасенов, Ж.Қабденов та үлес қосты.

Тәрбиеленушілер ән салып, ойнап, табиғат аясына экскурсия жасап қайтты. Ұлттық паркіміз аталмыш іс-шараға үшінші жыл атсалысып келеді.

ЭАРТ бөлімі.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95