Қырғауылдар тұқымдасына жататын қарапайым құс. Басы кішкентай және тұмсығы қысқа салыстырмалы түрде үлкен құс. Қоразы ірі, түсі қара, қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады. Олардың ұзындығы 49-58 см, салмағы 1,0-1,4 кг, ал аналықтардың ұқсас көрсеткіштері сәйкесінше 40-45 см және 0,7-1,0 кг. Мекиені қара шұбар келеді.

Құр — отырықшы құс. Көбінесе ұя орманның шетінде қайың, арша, қалақай және т.б. жамылғысының астында орналасады. Жұмыртқа салу әдетте мамырдың ортасында болады, ал алғашқы балапандар маусымның ортасынан аяғына дейін пайда болады. Аналығы 5-13 (әдетте 7-9) қоңыр немесе қоңыр дақтары бар ашық сарғыш түсті жұмыртқа салады. 24-25 күнде балапан шығарады. Негізгі қорегі — өсімдіктер. Балапандары алғашқы аптада қоңыздармен, дернәсілдер және жұлдыз құрттармен, құмырсқалармен, қандалалармен, өрмекшілермен, масалармен, шыбындармен қоректенеді.

"Тарбағатай" МҰТП аңшы-биологтары.

05 1 05 1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95