Кекіліктер – тауықтәрізділер отрядына жататын жабайы құс. Салмағы 400 – 500 г. Кекілік – отырықшы құс. Жылдың көп мезгілінде 20-30-дан топтанып жүреді. Ұя басқан кезде ғана екі-екіден бөлініп кетеді. Ұяларын жерге, тастардың арасындағы шұңқыр жерлерге 7-ден 24-ке дейін жұмырқа салып, балапан басып шығарады. Жұмыртқаларын қатар жатқан екі ұяда ұрғашысы мен еркегі де басады. Өсімдік дәндерімен, жерде жүретін ұсақ жәндіктермен қоректенеді.

Кекілік көп ұшпайтын құс. Ағаш басына да көп қонақтай бермейді. Тастан-тасқа секіріп, тез жүгіріп жүреді. Қауіп төнгенде ғана жақын жерге ұшып барып қайта қонады. Теңіз деңгейінен 2500 метрге дейін жоғары тау етегінен құрғақ, тік беткейді ұнатады, оның үстіне әрі құрғақ, әрі ыстық жазда одан жоғарырақтан да кездесуі мүмкін.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі

және Орман шебері О. Қасенов.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95