«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мекен ететін арқар  қазіргі  таңда Қазақстанның қызыл кітабына (IІІ санат. Таралу аймағы үлкенді-кішілі бөліктерден тұрады) енгізілген. Арқарлар (ovis ammon) – ашатұяқтылар отрядының қуысмүйізділер тобына, қой тұқымдасына жататын сүтқоректілердің ең ірісі болып табылады.  Арқар атауы моңғол тілінен аударғанда  жабайы қой деген сөз.

Өлкемізде Тарбағатай тауында қар көп түсетіндіктен  арқарлар жыртқыштардан қорғану үшін және азық қоры азайғандықтан Қарабас және Арқалы тауларына қоныс аударады. Осы тауларда арқарлардың күйлеуі мен төлдеуі орын алады.  Қазан-қарашада күйлеп, 5-6 айдан соң жалқы,  кейде  (әсіресе жаз айларында) егіз туады. Қазақтар арқардың аталығын – құлжа, төлін қозықа деп атайды. Табиғи  жағдайда орташа 10-13 жыл  тіршілік етеді. Әдетте құлжалары бөлек, ұрғашылары бөлек: бірнеше бастан құралған үйірмен жүреді. Тек күйек кезінде шамамен екі айдай бір үйірге бірігеді де, кейін қайтадан бөлініп кетеді. Көбіне таңғы және кешкі уақыттарда жайылымға шығады.

Негізгі қорегі – дәнді дақылды шөптер, қияқтар, өсімдіктер (жусан, көде, бидайық, арпа, т.б.). Қыста  бұталарды да қорек етеді.

Аңшылықтанушы Б.Нұршайықов.

DSC 0344

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95