Қазақстанда бұрын кең таралған, бүгінде саны бірте-бірте азайып бара жатқан түр. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 11 килограмға дейін жетеді Қанатының ұзындығы – 64-77 см, тұмсығы – 30-45 см. Тұмсығы үлкен, қатты әрі ұзын. Аталығы  мекиендеріне қарағанда ірірек, салмағы 13 кг-ға дейін жетеді. Саны аз құс болғандықтан «Қызыл кітапқа» енгізілген. 

Жыныстық жағынан 3-4 жасында жетіледі. Әдетте жылына 1-3 жұмыртқадан сәуір-мамыр айларында салады. Ұясын қамыстардың  арасына  жасайды. Жұмыртқаларды әтеші де, мекиені де басады. Балапандар 33-39 күнде жарып шығады. Алғашында олар түксіз болады, алайда көп ұзамай қарақоңыр мамығы өседі. 2-2,5 айдан соң қауырсындана бастайды. 

Ұлттық парктің аумағында қызғылт бірқазандарды тек ұшып қону кезінде ғана кездестіруге болады.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің

кіші ғылыми қызметкері:  Ә.Қаирбекова,

Аңшы биолог: А.Рахимбеков.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95