Қазақстанда бұрын кең таралған, бүгінде саны бірте-бірте азайып бара жатқан түр. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 11 килограмға дейін жетеді Қанатының ұзындығы – 64-77 см, тұмсығы – 30-45 см. Тұмсығы үлкен, қатты әрі ұзын. Аталығы мекиендеріне қарағанда ірірек, салмағы 13 кг-ға дейін жетеді. Саны аз құс болғандықтан «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Жыныстық жағынан 3-4 жасында жетіледі. Әдетте жылына 1-3 жұмыртқадан сәуір-мамыр айларында салады. Ұясын қамыстардың арасына жасайды. Жұмыртқаларды әтеші де, мекиені де басады. Балапандар 33-39 күнде жарып шығады. Алғашында олар түксіз болады, алайда көп ұзамай қарақоңыр мамығы өседі. 2-2,5 айдан соң қауырсындана бастайды.
Ұлттық парктің аумағында қызғылт бірқазандарды тек ұшып қону кезінде ғана кездестіруге болады.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің
кіші ғылыми қызметкері: Ә.Қаирбекова,
Аңшы биолог: А.Рахимбеков.